kantrium.com | MySuomi.com | vivaspb.com | finntalk.com

Историческая справка


Полное наименование: Учреждение «Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі». Колледж основан в 2005 году как учреждение «Экономический колледж», в 2007 году произошло переименование Колледжа.


Юридический адрес Колледжа: г.Павлодар, ул.Камзина, 90, телефон: 61-33-47, 61-33-50

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар облыстық білім беру саласының бақылау бойынша Департаменті берген №13005697 2013 жылғы 15 сәуірдегі колледж қызметі қазіргі уақытта  техникалық және кәсіптік білім беру саласында білім беру құқықтық мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырылуда.

 

 


 


 

 Колледж 2004 жылы 21 мамырда құрылған (№ 12394-1945-У-е заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі).

 Колледж ашылу жылдары 2007 жылдан 25 маусымға дейін Экономикалық колледж мекемесі болып аталды.

2007 жылғы 25 маусымда Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі болып өзгертілді. (№ 12394-1945-У-е заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі).


 

2005-2006 оқу жылы:

 



Колледж мына мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асырады: 0705002 Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит (салалар бойынша) 11сынып базасы негізінде күндізгі және сырттай оқу бөлімі және 0703002 Қаржы (салалар бойынша) күндізгі оқу бөлімі бойынша. Колледжде 19 оқу кабинеттері 570 орынға құрылған. Студенттер контингенті 255 адам, оның ішінде күндізгі оқу бөлімінде 100 адам, сырттай оқу бөлімінде 155 адам оқиды.

122 маман дайындалды, оның ішінде күндізгі оқу бөлімі бойынша 45 адам, сырттай оқу бөлімінде 77 адам.

Оқытушылар 33 адам, оның ішінде жоғары базалы білімі барлар 32 адам. Ұжымның кәсіптік құзыреттілігі: оқытушылардың біліктілік санаты 65,5%, оның ішінде жоғары - 57,9%. Педагогикалық жұмыс өтілімі барлар 10 жылдан бастап 25 жылға дейін 24,1% және одан жоғары 25 жыл - 17,2%.

Арнайы пән оқытушысы О.Ю.Береснева «Сәтбаев оқулары» атты Республикалық конференциясына және «Экономика және бизнес: жас ғалымдардың ұстанымы» атты жас ғалымдар мен студенттердің V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Қоғамдық пән оқытушысы А.Л.Запускалова «Қазақстанның болашағы бар»атты тақырып бойынша Республикалық ғылыми конференцияда, оқытушы Т.В.Байер ҚҚХҚИ ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі.

Оқытушылар Н.П.Уваренко (Об организации упражнений устной иноязычной речи), Д.К.Рахимбекова және А.М.Нургазинаның (Қазақ тіліндей юмор мен сатиранын тілі, бағыты) «Статистика,есеп және аудит» журналында ғылыми мақалалар жарияланды.

Магистратураны 4 адам аяқтады, аспирантурада 1 адам, магистратурада 1 адам оқуын жалғастырды .

Дене тәрбие оқытушысы В.Н.Зозуля «Қазақстан Республикасының білім беру» атағына ие.

Оқушылардың өндірістік тәжірибе ұйымы колледждің әлеуметтік серіктестіктері: «Алюминий Казахстана» АҚ, «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ, Аксусский завод ферросплавов – филиал «ТНК «Казхром» АҚ, «ПХБК» ЖШС, «G – Media»АҚ, ТОО ТФ «Таксомотор» ТФ ЖШС және басқалары.

Колледжде оқушыларды пәндік үйірмелермен қамту 92% ,спорттық секциялармен - 22 %, көркемөнерпаздық үйірме – 43 % құрайды.

Берлинді алған және Сталинградттық шайқасқа қатысушы ҰОС ардагері А.А.Силецкийге қайырымдылық көмек көрсетілді және кеш өткізілді. Колледж «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты қалалық акцияға, «Ертіс жұлдыздары» IV Халықаралық студент жастар фестиваліне қатысты .

Колледждің КВН құрама командасының қатысуымен қалалық конкурста – жалпыкомандалық 4орынға ие болды.

Қарттар үйінде жеңімпаздардың концерттік бағдарламасымен қазақша және ағылшын тілдерінде өлеңдер конкурсы өткізілді.




2006-2007 оқу жылы

 



Колледжге құрылтайшылармен 17 Пентиум компьютерлері берілді – 3 жаңа компьютерлік сынып құрылды.

Педагогикалық құрам 29 адам, барлығында жоғары базалық білімдері бар. Кәсіби құзыретті.

2013 жылғы 15 сәуірдегі № 13005697 білім беру қызмет құқығының колледждегі лицензиясы бар.




2014-2015 оқу жылы

 



2014 жылдың 1 қазанына студенттер саны 273 адамды құрайды, оның ішінде күндізгі бөлімде 220 және сырттай бөлімде – 53 адам. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жергілікті бюджет қаражатының есебінен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 50 адам қабылданды: 0518000 Есеп және аудит мамандығы бойынша орыс тілінде оқытуға - 30 адам;  0516000 Қаржы (салалары бойынша) мамандығына - 20 адам мемлекеттік тілде оқытуға.

Оқуды бітірушілер саны 115 адам, осының ішінде 9 адам үздік бағалы диплом алса, 106 адам – кәдуілгі үлгідегі диплом алды.

Колледж студенттері жас ғалымдар, магистрлер, студенттер және мектеп оқушыларының «XV Сатпаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты: Жумагулов Р.К. – 2 курс, 1423Қ тобынан «Астана қаласының мәдени кеңістігі» және Мардан А.Т. – 2 курс, 1423Қ тобынан «Қазақ халқының әскери белгі беретін үрлемелі аспаптары: мәдениеттанулық талдау» тақырыптары бойынша, жетекшісі Омарова А.Е.  Студент Мардан А.Е. III дәрежелі дипломға ие болды.

Колледж студенттері «Экономиканың әлеуметтік рөлі және өңірді дамытудың құқығы» тақырыбында VIII облысытық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты: 1421-У тобының  2 курс студенті Лекчинина Т. «Өңірдің инновациялық даму жағдайында нақты экономикалық секторының дамуында несиелік қорларының маңыздылығы» тақырыбында  (жетекші Манабаева Г.Р.), 1331-У тобының  3 курс студенті Клемент К. «Экономикалық талдау» пәні бойынша құзыреттілік тұжырымдылығын бағалау үшін тәжірибелік-бағытталған тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбында (жетекші Ёлгина В.Д.), 1422-У тобының 2 курс студенті Бондаренко А.  ««Қолжетімді тұрғын үй 2020» шынымен қолжетімді ме?» (жетекші Сорокина Л.В.). Студент Бондаренко А. Конференция қорытындысы бойынша 3 орынға ие болды.

Біліктілікті арттыруды 15 оқытушы өтті, оның ішінде басшылар құрамы – 3 адам, қызметкер – 1 адам.

Ёлгина В.Д. «Білім берудегі жаңа заман экономика: мәселелері, мүмкіндіктері және келешегі» тақырыбында  «Қазақстандағы білім беру реформаларының мәселелері жаңа әлеуметтік – экономикалық ортада білім беру жүйесінің қалыптасуы ретінде» баяндамасымен халықаралық-тәжірибелік Интернет-конференцияға қатысты. 

 

 




2015-2016 оқу жылы

 



1431-У тобының 3-курс студенті Лекчинина Татьяна, арнайы пәндер оқытушылары Л.А. Демидованың, О.В. Медведеваның, М.А. Вирясованың жетекшілігімен, «2015 жылдың экономист, бухгалтер, қаржыгер - мамандығының үздігі» атты облыстық кәсіби шеберлік конкурсында 1 орынға ие болды.

   

2015 жылы қыркүйек-қазан айларында арнайы пәндер оқытушысы М.А. Вирясова «ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп», «Салық және салық салу» және «Құқық» бағдарламалары бойынша оқытуды өтті, сертификаттық емтиханды үздік тапсырып, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кәсіби бухгалтер сертификатын алды.

2016 жылдың ақпан айында 15911-Ф тобының студенттері Свинцова Кристина, Жумабай Наргиз, Шульга Вита, А.К. Темиржанованың жетекшілігімен колледждің «Эрудиттер» командасының құрамында тарих бойынша «Қазына» Республикалық зияткерлік ойын-конкурсының 1 айналымына қатысты. Команда 1 айналымға қатысқаны үшін 3 дәрежелі Димломмен марапатталды.

Колледж студенттері Павлодар инновациялық көп салалы колледжі базасындағы, «Өңірдің дамуының экономикалық, білім беру, құқықтық қыры: тарих және болашақ дамуы» IХ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына белсене қатысты. Конференцияға қатысуға «Экономика» секциясында 0518000 Есеп және аудит (салалары бойынша) мамандығының студенттерінің баяндамасы жіберілді, В. Щербакованың (13931-У тобы); Н. Алькенованың (1431-У тобы); С. Былкованың (1431-У тобы); В. Костыринаның (14921-У тобы). Конференцияның барлық қатысушылары қатысушы Сертификаттарын алды. Студенттердің ғылыми баяндамасының жетекшілері – арнайы пәндер оқытушылары Л.В. Сорокина, М.А. Вирясова, О.В. Медведева Құрмет грамотасымен марапатталды. 13931-У тобының студенті Щербаков Вячеслав «ЕАЭБ аясында біріңғай валютаны жасаудың болашағы бар ма?» тақырыбындағы баяндамасымен сәтті сөз сөйлеп, сараптау комиссияның барлық сұрақтарына жауап беріп, 1 орынға ие болды.

1-2 курс студенттері Музыка Елена, Сатубаева Жанна и Лукьянова Валерия «Математика» пәнінің оқытушысы Л.Н. Михайлованың жетекшілігімен, Павлодар бизнес-колледжі базасындағы, «Математика білгірлері» облыстық конкурсқа қатысты. Конкурс екі айналым бойынша өтті. 1 айналымда – жеке озықтық – Павлодар облысының және Павлодар қаласының колледждерінің 63 студентті қатысты. 15911-Ф тобының 1 курс студенті Музыка Елена 1 орынға ие болды. 2 айналымда, 21 команда – конкурс қатысушыларының арасында біздің колледж командасы «Өзінің ойыны» математикалық айналымында финалға шықты. 

1, 2, 3 курс студенттері Инновациялы Еуразия университеті базасындағы «Білім және ғылым бірлестігі – болашаққа қадам басу» Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының XLII ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысты. Конференцияға алты секцияның жұмысына қатысу үшін 17 ғылыми баяндама өтінімі берілді. Толық және секциялық мәжілістің жұмысына 12 студент қатысты. «Қазақстан Республикасының дамуының индустриалдық-инновациялық экономикалық саясаты: жастар көзқарасы» секциясының жұмысының қорытындысы бойынша 1433-Қ тобының студенттері Жумагулов Рысхан ағылшын тілінде «Innovative investment development of the republic of kazakhstan» тақырыбындағы баяндамасымен 3 орын алды және Аянова Аида мемлекеттік тілде «Инновация – Қазақстан экономикасында негізгі қозғаушы күш» тақырыбындағы баяндамасымен 4 орынға ие болды (жетекші – Г.Р. Манабаева). Конференцияның барлық қатысушылары естелік сертификаттарымен марапатталды.

15911-Ф тобының студенттері «Орыс тілі және орыс әдебиеті» пәнінің оқытушысы В.Д. Ёлгинаның және ОІ жөніндегі директор орынбасары М.А. Вирясованың жетекшілігімен Павлодар қаласының Славян орталығымен ұйымдастырылған «Жаппай диктант 2016» Халықаралық науқанына қатысты. Бұл іс-шараның қатысушылары халықаралық үлгідегі Сертификаттарымен марапатталды. 

 

 


2015 жылы қараша- желтоқсан айларында «Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі» мекемесінің студенттері, колледж студенттері арасындағы XXV Облыстық спартакиядаға қатысып, келесі орындарға ие болды: 

- волейбол (қыздар) 1 орын; 

- оқ ату (қыздар) 1 орын; 

- үстел теннисі (қыздар) 1 орын; 

- «Тоғыз құмалақ» (ер балалар) 3 орын; баскетбол (қыздар) 3 орын.