kantrium.com | MySuomi.com | vivaspb.com | finntalk.com

«Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі» мекемесінің жетістіктері туралы ақпарат

 

БІЗДІҢ ОҚУ ЖҰМЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

 

2015 жылы 6 қаршада Павлодарлық Қазтұтынуодағы экономикалық колледжі базасында «2015 жылдың экономист, бухгалтер, қаржыгер - мамандығының үздігі» атты облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.«Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі» мекемесінің 1431-У тобының 3-курс студенті Лекчинина Татьяна, арнайы пәндер оқытушылары Л.А.Демидованың, О.В.Медведеваның, М.А.Вирясованыңжетекшілігімен, 1 орынға ие болды.

 

 

2015 жылы қыркүйек-қазан айларында арнайы пәндер оқытушысы М.А. Вирясова «ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп», «Салық және салық салу» және «Құқық» бағдарламалары бойынша оқытуды өтті, сертификаттық емтиханды үздік тапсырып, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кәсіби бухгалтер сертификатын алды.

 

 

Ақпан айында 15911-Ф тобының студенттері Свинцова Кристина, Жумабай Наргиз, Шульга Вита, А.К.Темиржанованың жетекшілігімен колледждің «Эрудиттер» командасының құрамында тарих бойынша «Қазына» Республикалық зияткерлік ойын-конкурсының 1 айналымына қатысты. Студенттер Павлодар Ертіс өңірінің мәдениеті мен тарихы бойынша қызықты материалдар жинады, музыкалық сүйемелдеуімен бейнефильм жасап, өз қаласының және өлкесінің әсемдігі мен көрікті жерлерін көрсетті. Команда 1 айналымға қатысқаны үшін 3 дәрежелі Димломмен марапатталды.

 

 

18 наурызда колледж студенттері Павлодар инновациялық көп салалы колледжі базасындағы, «Өңірдің дамуының экономикалық, білім беру, құқықтық қыры: тарих және болашақ дамуы» IХ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына белсене қатысты. Конференцияға қатысуға «Экономикалық» секциясында 0518000 Есеп және аудит (салалары бойынша) мамандығының студенттерінің баяндамасы жіберілді, В. Щербакованың (13931-У тобы); Н. Алькенованың (1431-У тобы); С. Былкованың (1431-У тобы); В. Костыринаның (14921-У тобы). Конференцияның барлық қатысушылары қатысушы Сертификаттарын алды. Студенттердің ғылыми баяндамасының жетекшілері – арнайы пәндер оқытушылары Л.В. Сорокина, М.А. Вирясова, О.В. Медведева Құрмет грамотасымен марапатталды. 13931-У тобының студенті Щербаков Вячеслав «ЕАЭБ аясында біріңғай валютаны жасаудың болашағы бар ма?» тақырыбындағы баяндамасымен сәтті сөз сөйлеп, сараптау комиссияның барлық сұрақтарына жауап беріп, 1 орынға ие болды.

 

 

13 сәуірде1-2 курс студенттері Музыка Елена, Сатубаева Жанна и Лукьянова Валерия «Математика» пәнінің оқытушысы Л.Н. Михайлованың жетекшілігімен, Павлодар бизнес-колледжі базасындағы, «Математика білгірлері» облыстық конкурсқа қатысты. Конкурс екі айналым бойынша өтті. 1 айналымда – жеке озықтық – Павлодар облысының және Павлодар қаласының колледждерінің 63 студентті қатысты. 15911-Ф тобының 1 курс студенті Музыка Елена 1 орынға ие болды. 2 айналымда, 21 команда – конкурс қатысушыларының арасында біздің колледж командасы «Өзінің ойыны» математикалық айналымында финалға шықты.

 

 

 

14-15 сәуірде 1, 2, 3 курс студенттері Инновациялы Еуразия университеті базасындағы «Білім және ғылым бірлестігі – болашаққа қадам басу» Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының XLII ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысты. Конференцияға алты секцияның жұмысына қатысу үшін 17 ғылыми баяндама өтінімі берілді. Толық және секциялық мәжілістің жұмысына 12 студент қатысты. «Қазақстан Республикасының дамуының индустриалдық-инновациялық экономикалық саясаты: жастар көзқарасы» секциясының жұмысының қорытындысы бойынша 1433-Қ тобының студенттері Жумагулов Рысхан ағылшын тілінде «Innovative investment development of the republic of kazakhstan» тақырыбындағы баяндамасымен 3 орын алды және Аянова Аида мемлекеттік тілде «Инновация – Қазақстан экономикасында негізгі қозғаушы күш» тақырыбындағы баяндамасымен 4 орынға ие болды (жетекші – Г.Р. Манабаева). Конференцияның барлық қатысушылары естелік сертификаттарымен марапатталды.

 

 

16 сәуірде 15911-Ф тобының студенттері «Орыс тілі және орыс әдебиеті» пәнінің оқытушысы В.Д. Ёлгинаның және ОІ жөніндегі директор орынбасары М.А. Вирясованың жетекшілігімен Павлодар қаласының Славян орталығымен ұйымдастырылған «Жаппай диктант 2016» Халықаралық науқанына қатысты. Бұл іс-шараның қатысушылары халықаралық үлгідегі Сертификаттарымен марапатталды.

 

 

 

 

БІЗДІҢ СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

 

2015 жылы қараша- желтоқсан айларында «Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі» мекемесінің студенттері, колледж студенттері арасындағы XXV Облыстық спартакиядаға қатысып, келесі орындарға ие болды:

Волейбол (қыздар) 1 орын.

 

 

Оқ ату (қыздар) 1 орын.

 








 

Үстел тенисі (қыздар) 1 орын.

 







 

«Тоғыз құмалақ» (кр балалар) 3 орын.

 

 

Баскетбол (қыздар) 3 орын.