kantrium.com | MySuomi.com | vivaspb.com | finntalk.com

Материалы

 

Жырлайды жүрек

2016 жылы ақпанның12 күні «Ақапараттық технологиялар және бизнес колледжі» мекемесінде «Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағат студенттерді поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілді. Ұйымдастырған сыныптан тыс іс-шараға 15911-Қ тобының студенттері қатысты. «Жырлайды жүрек» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды тәрбие сағатын жүргізген 1433-Қ тобының студенттері Мардан Азамат пен Бекмуханова Айнура. Тәрбие сағаттың шымылдығын қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге оқушылардың назарын аудара отырып, ақын туралы бейнеролик көрсетілді. Әдеби сазды тәрбие сағат екі бөлімнен тұрды: І бөлім «Жазылар естеліктер мен туралы» (Мұқағали туралы естеліктер айтылды). ІІ бөлім «Поэзия- жүрек тілі» деп аталды. Бұл бөлімде М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалды. Қорыта келе «Жырлайды жүрек» атты аққиық ақын Мұқағали Мақатаевкқа арналған әдеби - сазды тәрбие сағат өз нәресіне жетті. Студенттер жақсы әсер алып, көңіл күймен тарқасты. Осы тәрбие сағатын өткізген қазақ тілі пәнінің оқытушысы Г.А.Итемгенова.