Жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде АӘДП оқытушысы А.К. Кульмуратовтың жетекшілігімен колледжде өрт болған жағдайда жүргізілетін оқу эвакуациялық жаттығулары өтті.

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде АӘДП оқытушысы А.К. Кульмуратовтың жетекшілігімен колледжде өрт болған жағдайда жүргізілетін оқу эвакуациялық жаттығулары өтті. Аталған іс-шараға Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақырылды, олар жаттығуға қатысып, процесті бақылап отырды. Оқу эвакуациясы-бұл білім беру мекемесіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары жүйесіндегі өте маңызды, жауапты іс-шаралардың бірі. Оқу эвакуациялық жаттығуды өткізудің басты мақсаты колледжде өрт болған жағдайда жұмыскерлер мен білім алушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жылдам және қауіпсіз эвакуация жүргізу бойынша білім беру мекемесінің дайындығын жан-жақты тексеру болып табылады. Эвакуациялық жаттығулар балаларға экстремалды жағдайда іс-әрекеттің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Іс-шара жоспарға сәйкес сәтті өтті. Эвакуациялық жаттығуды бақылайтын ТЖД қызметкерлері колледжді үйлесімді, сауатты жұмысы үшін мақтады.