Жаңалықтар

Колледж студенттері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың кездесуі өтті

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде бірінші және екінші курс студенттері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар Н.М.Құмарбек және А. К. Насымхановпен кездесуі өтті.
Кездесудің тақырыбы "Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі" болды.

Әңгімелесу барысында оқушылар құқық бұзушылық түрлері туралы білді, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік туралы, колледждегі және үйдегі тәртіп ережелері туралы әңгімелесті, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жаста болатынын білді. Сондай-ақ, КТІ инспекторлары кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою үшін негіздемелерді түсіндірді.

Кездесудің мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық білімді насихаттау және өз бетінше жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру