Жаңалықтар

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ақпараттық-танымдық сағат.

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ақпараттық – танымдық сағат өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы әлеуметтік - экономикалық пәндер оқытушысы және "Ұлы дала" өлкетану клубының жетекшісі О.В. Мищенко мерекенің тарихымен таныстырып, Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы туралы айтып берді.

Колледж студенттері, бір отбасы ретінде бейбітшілік пен достықта өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдерін біріктірген туған өлке туралы хабарламалар дайындады.