Жаңалықтар

Студенттердің қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдерімен кездесуі

2022-11-04 12:12
Бүгін біздің колледжде Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері мен бітіру топтары студенттерінің кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты-жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Балалар өз сұрақтарын Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор В. С. Герега және Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау қызметінің басшысы Ж.С. Смайыловқа қоя алды.