Жаңалықтар

"Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдерімен Құқықтық сағат.

"Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде 1 және 2 курс студенттерімен құқықтық сағат өткізді. Кездесу тақырыбы " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жастар ортасындағы моральдық-құқықтық аспектілер. Буллингтің алдын алу".
Спикерлер - "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Камила Сәлімқызы Мадыгулова және "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің психологы Валентина Юрьевна Бахтина болды.
Іс-шараның мақсаты-студенттердің құқықтары мен міндеттері, кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі туралы білімдерін кеңейту. Құқықтық дүниетаным мен адамгершілік идеялардың дамуына ықпал ету. Өзін-өзі бағалау және басқа адамдарға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.