Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған диалог алаңы.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде мемлекеттік мерекеге орайластырылған диалог алаңы мен кураторлық сағаттар өткізілді.

Диалог алаңының ұйымдастырушысы-әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы және "Ұлы дала" клубының жетекшісі О.В. Мищенко балаларға 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалар мен осы күннің маңыздылығы, қайғылы оқиғалары туралы айтып берді.

Бұл іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу болып табылады.