Жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжіндегі жаңа жылдық кеш.

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Балалар жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған музыкалық композициялар, билер мен көріністер дайындады. Мерекенің басты кейіпкері-Аяз Ата жаңа жылдық фильмдер мен әндерді білуге арналған тақырыптық конкурстар өткізді. Мерекелік бағдарлама дискотекамен аяқталды.