Жаңалықтар

Қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы кездесу.

Бүгін колледжде "Саналы ұрпақ" студенттік клубының жұмыс жоспарына сәйкес білім алушылардың Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілі-аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл Арман Сабирович Абетановпен кездесуі ұйымдастырылды.

Әңгіме барысында А.С. Абетанов Департаменттің қызметі экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталғанын айтты.

Қаржылық сауаттылықтың элементі болып табылатын қаржылық қауіпсіздік тақырыбы егжей-тегжейлі ашылды.

Студенттерге қылмыскерлердің алаяқтық схемасын қалай ұйымдастыратыны туралы тақырыптық бейнефильм көрсетілді.

Сөз сөйлеу барысында бүгінгі таңда өзекті болып табылатын және ел халқы ұшырайтын қаржылық қылмыстардың түрлері талқыланды, өзін қаржылық алаяқтықтан қалай қорғау және ақшасын қалай сақтау керектігі айтылды.

Сонымен қатар, Абетанов елде қарапайым адамдар көп түсетін қаржы пирамидалары кеңінен таралғанын айтты. Ол қаржы пирамидаларының түрлері және олардың тұзағына қалай түспеу керектігі туралы айтты.