Жаңалықтар

Қ. И. Сәтбаевтың туған күніне арналған ақпараттық сағат.

Бүгін Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде көрнекті ғалым, инженер-геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күніне арналған ақпараттық сағат өтті. Іс-шараны әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы О.В. Мищенко ұйымдастырды.

Студенттерге Сәтбаевтың өмірі, оның балалық шағы және білім алу жолы, ғылыми еңбектері туралы айтылды.

Ақпараттық сағат, ұлы ғалым туралы бейнефильм көрумен аяқталды.