Жаңалықтар

Студенттердің психологпен кездесуі

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде Павлодар облыстық Психикалық денсаулық орталығының психологы Анна Александровна Куликова мен бірінші және екінші курс студенттерінің кездесуі өтті. Алкогольді қолданудың алдын алу айлығы аясында өткізілген әңгіменің тақырыбы "Алкоголь жасөспірімнің ағзасына тигізетін әсері" болды.
    Анна Куликова студенттерге алкоголь жасөспірімнің ағзасына тигізетін зияны және қоғамға қандай қауіп төндіретіні туралы айтып шықты. Кездесу барысында, алкоголь жастардың денсаулығына тигізетін әсері туралы презентациясы көрсетілді.
    Кездесудің мақсаты – оқушылардың, алкоголь адамның психикалық және моральдық қалыптасуына зиянды әсері туралы білімдерін кеңейту, жас ұрпаққа маскүнемдік пен маскүнемдіктің қоғамға тигізетін зиянын тереңірек түсінуге көмектесу.