Жаңалықтар

Колледждегі Республика күніне арналған кураторлық сағаттар мен кітаптар көрмесі

     Республика күнін мерекелеу аясында 20-21 қазан аралығында Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінің студенттері үшін "Менің Республикамның жарқын болашағы" тақырыбына кураторлық сағаттар өткізілді. Іс - шаралардың негізгі мақсаты - білім алушыларда ұлттық келісім, патриотизм және бейбітшілік пен достық, бірлік сезімін қалыптастыру болып табылады. Оқушылар, іс-шараларда белсенділік танытып, мерекеге орайластырылған ауқымды ақпараттық материал дайындады.
    Сонымен қатар Колледжде, Республика күніне арналған кітаптар мен жарияланымдар көрмесі ұйымдастырылды. Балалар ұлттық мерекенің құрылу тарихын терең зерттеп, оның маңыздылығын түсініп, патриотизм рухы мен азаматтық сезіміне одан да терең бойлай алды.