Жаңалықтар

Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы қызметкерлерінің тренингі.

Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері бірінші курс студенттеріне семинар-тренинг өткізді.

Орталықтың психологы С.И. Касымова мұндай іс-шаралар экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, жастарды деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.